352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында дәрігерлер бала сатпақ болды

  • 179

Алматы облысында бала сатпақ болған қылмыстық топ қолға түсті.

Олар кеше түнде Қаскелең қаласындағы орталық ауруханада дүниеге келген шақалақты саудаға салған. Алайда аудандық полиция қызметкерлері күдіктілерді дер кезінде тұтқындап үлгерді. Әзірге қанша адамның қамауға алынғаны белгісіз. Анығы – ұсталғандардың арасында перзентхана қызметкерлері де бар. Қазір тергеу жүріп жатыр. Айта кетерлігі, күдіктілер  осыған дейін де бала саудасымен айналысқан болуы мүмкін.

Сергей Незнаев, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аудандық полицейлермен бірлесіп арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде бала сатпақ болған бірнеше адам ұсталды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары тағайындалды. Қылмыстық топтың ішінде медицина қызметкерлері де бар.

Хабар 24 телеарнасы