356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда соңғы 10 жылда қылмыс көрсеткіші төрт есе өскен

  • 113

Бұл жөнінде бүгін қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін талқылаған Қоғамдық кеңесте айтылды.

Былтыр шаһарда жалпы 63 мыңнан астам қылмыс жасалған. Соның ішінде ұрлық, бұзақылық пен алаяқтық азаяр емес. Кеңесте мемлекеттік емес ұйымдар «102» колл-орталығының жұмысына көңілдері толмайтындарын айтып, қалалық Ішкі істер департаментінің жұмысын қатаң сынға алды. Қоғам белсенділері жол және патрульдік полиция қызметінің міндеттерін айқындауды сұрады. «Сонымен қатар қаланың қалтарыс жерлерінде күзет қызметін күшейтіп, бақылау бейнекамераларын көбейту қажет», – дейді кеңес мүшелері. 

Рахман Алшанов, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы:

- Қоғамдық кеңесте бірталай пікірлер айтылды. Соның бәрін жинап, реттеп, ұсыныстарымызды Президент Әкімшілігіне, министрлікке, әкімдікке жіберу. Ал жіберердің алдында талқылаймыз дедік. Алматыда қоғамдық ұйымдар жетеді. Түрлі пікірлер айтып жатыр. Негізгі мақсат – жұмыстарымызды реттеу, өңдеу. Біздің ұсыныстарды жеткізу.

Хабар 24 телеарнасы