361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз жолдардың сапасы бойынша халықаралық рейтингте 108-орынға табан тіреді

  • 127

Елімізде соңғы бес жылда көлік жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 1 трлн теңге бөлінді.

Алайда республикалық бюджеттен жолданған қаржы өзін ақтамай отыр. Себебі халықаралық рейтинг көрсеткішінде Қазақстан жолдардың сапасы бойынша 138 елдің ішінен 108-орынға табан тіреді. Өзекті мәселе бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізген жиында талқыланды. Мамандардың айтуынша, көңіл көншітпейтін статистикалық деректерге басты себеп – қоғамның барлық саласында белең алған жемқорлық жайы. Мысалы, 2015 жылдан бері жол мәселесіне байланысты жемқорлық бағытында 100-ге тарта сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүргізілген. 

Асхат Жұмағали, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департамент жетекшісінің орынбасары:

- Аудиторлармен жүргізілген тікелей байланыс жемқорлықтың өршуіне әкелді. Адамдар емін-еркін келіседі. Біз осы байланысты үзу қажеттігін ұсынып отырмыз. Бұл ретте сандық технологияны барынша қолдануға болады. Көптеген қызметтік міндеттемелер және іскерлік қатынастарды электронды нұсқада жүзеге асырған жөн.

Хабар 24 телеарнасы