361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада 4 күнде автобустарға арналған 100 мыңнан астам төлем картасы сатылды

  • 127
Астанада 4 күнде автобустарға арналған 100 мыңнан астам төлем картасы сатылды

Сондай-ақ 34 азаматтың билетсіз жүргені анықталған.

Бұл туралы «Астана ЛРТ» компаниясының өкілдері хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, 21 шілдеден бастап елордада қоғамдық көліктерде жол ақысын төлеу үшін сараланған тариф енгізілген болатын. Оған сай қолма-қол төлем – 180 теңге, ал карта арқылы төлем екі есе төмен, яғни 90 теңге.

Айта кетейік, тұрғындар жол ақысын төлеу кезінде бірқатар келеңсіз жағдайлардың болғанын айтқан еді. Ал компания өкілдерінің айтуынша, арнайы автомат пен мамандандырылған кассадан өзге терминалдар арқылы жасалған төлем картаға шамамен 12 сағаттан кейін бірақ түседі. 

Науат Азанбаева, «Астана LRT» ЖШС Қоғаммен жұмыс қызметінің жетекшісі:

- Егер сол мезетте ақша түссін десеңіз, автоматқа барасыз немесе біздің мамандандырылған кассаларға барасыз. Сол жерге барып, кассаларда да, автоматтарда да, валидаторларда да жаңа карталарды активтендіруге болады. 

Әзірге қалада мұндай 30 терминал және 6 касса бар. Ескеретін жайт, картаға ақша түскен соң оны 24 сағаттың ішінде іске қосу керек. Талап солай. Ал төлем жүйесі істен шықса немесе басқа да оқыс оқиға болған кезде, қоғамдық көліктегі кеңесшінің көмегіне жүгіну қажет. Айта кетейік, олардың ешбір жағдайда жолаушыны автобустан түсіруге құқығы жоқ. 

Хабар 24 телеарнасы