352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында бекіре шабақтары табиғи өрісін тапты

  • 130
Атырау облысында бекіре шабақтары табиғи өрісін тапты

Атырау облысында бекіре шабақтарын өсіру зауыты жыл бойғы жұмыстарын қортындылады.

Бүгін соңғы лекпен тағы 3 жарым миллион дана шоқыр балығының шабағы Жайық өзеніне жіберілді. Зауыт қарамағындағы 10 тоғанда 2 айға жуық күтімде болған қызыл балық шабағының күтімі жаман болмаған сияқты. Себебі, халықаралық стандарт бойынша олардың салмағы  3-5 грамм болуы керек болса, бүгінгілердің алды 12-15 грамм.

Данияр Баймағамбетов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының басшысы, комиссия төрағасы:

- Бұл – мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқан шара. Зауыттың бүгінгі өнімі талапқа сай. Шабақтар табиғи ортаға тез бейімделіп, ортақ теңіздің қазынасын толықтырады деп ойлаймын. Балық қорын толықтыру мен қорғауға арналған жұмыстар жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы