359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейлік тұрғын үйінен патша дәуіріндегі монеталарды тауып алды

  • 290

Семей тұрғыны үйінің тозығы жеткен еденін ауыстыру кезінде патша заманында соғылған монеталарды тауып алды.

Марат Сасановтың айтуынша, 20 дана «сөлкебай» бөлмелердің әр жерінде шашылып жатқан. Баспана осыдан 173 жыл бұрын тұрғызылған. Үй иесі, көне ақшалар құрылыс кезінде түсіп қалған деп есептейді. Ең ескі жәдігер 1833 жылы соғылған және олардың бәрі сол қалпы сақталған. Монеталардың көбі бес тиындық, арасында бір тиындықтар да бар.

Марат Сасанов, Семей қаласының тұрғыны:

– Қаламыздағы «Прииртыш» өлкетану қоғамының төрағасы болсам да, мен осынша көлемдегі монеталарды өз үйімнен тауып аламын деп ойламаппын. Бұлардың тарихи құндылығы жоғары. Әсіресе, нумизматтар үшін таптырмас жәдігер. Ең бастысы, олардың бәрі сапасын жоғалтпаған, жақсы сақталған.

Хабар 24 телеарнасы