352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда көлік айнасын ұрлаған азамат ұсталды

  • 265

Алматыда автокөлік айналарын ұрлап, оларды сатумен айналысқан қылмыстық сxема әшкере болды.

Өткен түнде оңтүстік астананың полицейлері Карсити автобазарында оңай жолмен ақша таппақ болған саудагерді қолға түсіріп, одан ұрланған 15 айна тәркіледі. Күдікті қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматыда жедел-алдын алу шаралары басталып, автобазарлар жаппай тексеріліп жатыр. Рейдтің алғашқы күнінде «Жібек жолы» сауда орнында криминалды полиция желісі бойынша іздеуде жүрген 4  адам, көші-қон заңын бұзған Өзбекстанның 20 азаматы мен есірткі сақтаған бір адам  ұсталды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

– Бөтен автоөкөліктердің айналарын сатып алумен айналысқан азамат құрықталды. Ол 1990 жылы туған Алматы облысы Алакөл ауданының тумасы болып шықты, бұрын сотталмаған. Ол азамат сауда орындарының бірінде сатушы болып жұмыс істейді екен. Ұрланған айналарды қабылдап, оларды саудаға салған. Ол кінәсін толығымен мойындап, қазіргі таңда 15 айнаны тергеуге беріп отыр. Дәйекзат ретінде олар тіркеліп, қылмыстық іс қозғалуда.

Хабар 24 телеарнасы