361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шарын және Жоңғар Алатауы ұлттық парктері дүниежүзілік резерваттар тізіміне енді

  • 124

Қазақстандағы Шарын және Жоңғар Алатауы ұлттық парктері дүниежүзілік биосфералық резерваттар тізіміне енді.

Өткен жылы еліміздің ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының сарапшылары көтерген бастама Халықаралық кеңеспен мақұлданды. Бұл өз кезегінде ынтымақтастықты нығайтып, ішкі және сыртқы туризмді тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Қос қорық еліміздің биологиялық әртүрлілігін сақтауда ерекше маңызға ие. Жалпы еліміздің биосфералық резерваттарының тізіміне Ақжайық, Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Қатон-Қарағай сынды 10 ұлттық қорық кіреді.

Хабар 24 телеарнасы