352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында әдеп кодексін бұзғандар жауапкершілікке тартылды

  • 143
Маңғыстау облысында әдеп кодексін бұзғандар жауапкершілікке тартылды Tengrinews

Маңғыстау облысында әдеп кодексін бұзған мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылды.

Ақтауда өткен кеңес шешімімен Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысына қатаң сөгіс жарияланып әдеп жөніндегі уәкілдіктен босатылды. Лауазымды тұлға әлеуметтік желі арқылы аудан тұрғынына дөрекі жауап қайтарған. Сондай-ақ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында басшылық қызметтегі 4 адам тәртіптік жазаға тартылды. Олар құжаты құқық қорғау органдарына ғана жарамды азаматты Түпқараған ауданына жетекші маман етіп тағайындаған. Енді 3 ай бойы заңсыз жұмыс істеген азаматтың жалақысы мемлекетке қайтарылатын болды.

Нұргүл Жанназарова, ҚР МҚІ және СЖҚ іс-қимыл агенттігі өңірлік департаментінің басшысы:

– Мемлекеттік қызметке кір келтіретін деректер бойынша 6 ай бойынша ешқандай дерек тіркелген жоқ. Былтырғы жылмен салыстырғанда, бұл – өте жақсы көрсеткіш. Ал әдеп ережелерін бұзу мәселелері бар. Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысы мемлекеттік қызметші бола тұра, өзіне жақын адамға дөрекілік танытқан. Маңғыстау облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының конкурстық комиссиясы әкімшілік қызметке қолында құқық қорғау органдарының тестілеуден өткен сертификаты бар адамды қабылдаған. Ол өрескел заңбұзушылық болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы