356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 20-ға жуық көпқабатты үй коммуналдық мекеменің есебіне тіркелмеген

  • 106
Ақтөбеде 20-ға жуық көпқабатты үй коммуналдық мекеменің есебіне тіркелмеген

Басқару жүйесіне қосылмаған үйлер коммуналдық қызметтен айырылады.

Ақтөбеде жиырмаға жуық көпқабатты баспана иесіз болып шыққан. Коммуналдық мекеменің есебіне тіркелмеген үйлер – негізінен өткен ғасырдың орта тұсында салынған отбасылық жатақханалар. Жергілікті билік тарапынан құрылған арнайы комиссия олардың жертөлелері суға толып, жылу жүйесі әбден ескіргендігін анықтады. Яғни жылу маусымына дайын емес. Ал тұрғындар өз бетімен ортақ жүйелерді жөндеуден бас тартқан. Сондықтан бұл жағдайды ретке келтірудің жалғыз ғана жолы бар. Тиісті басқару жүйесін тіркеп, коммуналдық шаруашылығын талапқа сай етпесе, билік жылу мен газ, жарықты сөндіруге тура келетінін ескерткен.

Жанаргүл Дүйсекенова, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының м.а.

– Қазіргі таңда жиырма үйден біреуі қалған. Соның өзінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы