361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеге келген инвесторларға кез келген уақытта кеңес беретін арнайы бөлме ашылды

  • 222
Ақтөбеге келген инвесторларға кез келген уақытта кеңес беретін арнайы бөлме ашылды ktelegraf.com.ru

Ақтөбеге келген инвесторларға облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қолдау көрсетеді.

Кәсіпкерлік палатасы және жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен үшжақты келісімге қол қойылды. Сонымен қатар шетелдік инвесторларға кез келген уақытта қажетті ақыл-кеңес беретін арнайы бөлме де ашылды. Жоба мақсаты – аймақта қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және шенеуніктер тарапынан орынсыз кедергінің болмауын қадағалау. Айта кету керек, бүгінде Ақтөбе облысында жиырмаға жуық шетелдік бизнес өкілдері еңбек етеді. Жобалардың жалпы құны 195 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Исмаил Өзтүрік, кәсіпкер:

– Бүгінгі меморандум біздің құқықтарымыздың жан-жақты қорғалғандығын тағы бір мәрте дәлелдейді. Яғни Ақтөбеде емін-еркін бизнес жүргізуге жағдай бар. Біз осыдан екі жыл бұрын жобамызды бастап, жергілікті нарыққа инвестиция қосқан едік. Енді басқа да жобаларды қарастыруды ойлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы