361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда бас бостандығынан айырылған 5 мың адам еркіндікке шығады

  • 165

Елімізде 4 жылда 8 абақты жабылды.

Тиісінше түрмедегілердің қатары азайды. Мәселен, 2012 жылы республика бойынша темір торда 52 мың адам отырса, қазір түрмеде жазасын өтеп жатқандардың жалпы саны – 33 мың. 5 жылда ауыр және аса ауыр қылмыс 22, зорлау дерегі 43 пайызға төмендеді. Қылмыстық саясатты ізгілендіру үшін жаңа заң қабылданды. Шілденің отыз бірінде күшіне енетін құжатқа сәйкес бас бостандығынан айырылған тағы 5 мың адам еркіндікке шығады. Бірақ оның бәрі бір мезетте босатылады деген сөз емес. Бұл үрдіс кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Жазаның едәуір бөлігін өтеген, келтірген залалдың орнын толтырып, жүріс-тұрысы түзелгендер ғана түрмеден шығарылады. Атап өтейік, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар бұл рақымшылыққа ілікпейді.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

– Қандықол қарақшылар, адам өлтіргендер мен зорлағандар және педофилдерді түрмеден босату туралы сөз де болмаған, болмайды да. Осы тақырып төңірегінде әлеуметтік желілерде тараған ақпараттар құр қауесет екендігін айтқым келеді. Қайталап өтейін, қатыгез қылмыскерлер бостандыққа шықпайды. Ал мерзімінен бұрын босаған азаматтарға жауапкершілік жүктеледі. Олар еркіндікте тәртіп бұзбауы тиіс. Екінші рет қия басса, қайтадан түрмеге қамалады.

Хабар 24 телеарнасы