352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысынан құнды жәдігерлер табылды

  • 116

Қарағанды облысындағы Шет ауданының Талды ауылы аумағынан қола дәуіріне тиесілі құнды жәдігерлер табылды.

Қазір бұл тарихи орынды археологтар зерттеп, қазба жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қарағандыдан 130 шақырым жерде орналасқан Талды археологиялық кешенінде әр дәуірге жататын 300-ге тарта жәдігер бар. Соңғы табылған ескерткіштердің ішінен қатар жерленген қос жылқының сүйектерінен бөлек, найза мен жебенің тас ұштары, алтын әшекейлер мен көп мөлшерде керамикалық ыдыстар табылды. Ғалымдар бұл жәдігерлер біздің заманымызға дейінгі III-II мың жылдыққа тиесілі деп болжап отыр. Табылған жәдігерлердің құрамы мен қай дәуірге жататынын нақты анықтау үшін шетелдік зертханаға жіберіледі. Кейін табылған көне дүниелер облыстық музейлер қорына беріліп, ғылыми басылымдарда жарияланатын болады.

Түлкібай Төлеуов, «Тарихи – мәдени мұраны сақтау орталығы» КММ басшысы:

- Өкінішке орай, бейіт тоналған, соның өзінде қаншама дүние қалып қалған. Ыдыстар о дүниеде керек болады деп салынған болар. Анализдер жасалады зерттеу үшін қай кезде, дәл даталарын белгілеу үшін.

Хабар 24 телеарнасы