352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан және Ташкент облыстары арасындағы туризм жаңаша дамитын болады

  • 690
Түркістан және Ташкент облыстары арасындағы туризм жаңаша дамитын болады

Түркістан мен Ташкент облыстары арасындағы туризм жаңаша дамитын болады.

Қос бірдей көне шаһар бірігіп ортақ туристік бағдар құрмақ. Екі қаланың арасында саяхатшыларды тасымалдайтын тікелей автобус қатынайтын болады. Бұл туралы Ташкентте өткен  «Жібек жолындағы  туризм» атты  бизнес форумда айтылды. Оған бауырлас екі елден 60-қа жуық туристік фирма өкілдері қатысты. Кәсіпкерлер өзара тәжірибе алмасып, алдағы уақытта тығыз байланыс орнатуға уағдаласты. Жиында  Қазақстандағы туризмнің  барлық салалары бойынша мағлұмат берілді. Көршілерді әсіресе  зиярат, сауықтыру, эко және экстремалды туризм  қызықтырып отыр. Бауырлас елдер арасындағы визасыз режим  барыс-келісті  жақсартқан. Енді қолға алынған бірлескен туристік бағыт саяхатшылар санының артуына негіз болады, дейді мамандар. Форум аясында  Қазақстандағы Өзбекстан жылы және жаңадан құрылған Түркістан облысының тарихи әрі әсем жерлерінен сыр шертетін «Түркістан оңтүстіктің жүрегі» атты фотокөрме де  ұйымдастырылды.

Ербол Тасжүреков, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:

- Қосымша 20 ға жуық жаңа туристік бағыттарды ашып отырмыз. Бұл деген біздегі эко туризм, медициналық туризм, таулық туризм, жастарға арналған туризм  және зияртат туризмі. Ең бастысы біздің Түркістан облысы. Бұл Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі ЮНЕСКО тізіміне кіретін. Барлық шетелден келетін туристердің қызығушылық білдіретіні осы екі туристік нысан болып саналады. Сол мавзолейлерден бастап ары қарай туристерді қызықтырып қалдыру мақсатында жаңа туристік бағыттар ашылып отыр.

Феруз Додиев, Өзбекстан Туризм комитеті халықаралық қатынастар бөлім басшысының орынбасары:

- Біз  өзара қамқорлығымызды одан әрі ықшамдап бүр жүйеге үйлестіруді көздеп отырмыз. Қазақстан мен  арадағы бар мүмкіндіктерді қарастырып, тәжірибе алмасу арқылы бұл жобаны жүзеге асырмақпыз. Бұл бағыт екі тараптың арасында жаңа туристік жүйенің қалыптасуына негіз болмақ.  Сонымен бірге екі елге ортақ туристік бағыт сырттан келетін әлем кезген жиһанкездерді қызықтырады, деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы