352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Адал жол» марафонының алдын ала қорытындысы жарияланды

  • 120

 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері аталған шара аясында 200 мыңнан аса астаналықпен кездескен.

Түрлі саланың қызметкерлерімен жүздесіп, парақорлықтың салдары жайында семинар-кеңестер өткізді. Жалпы «Адал жол» республикалық марафоны сәуір айында басталды. Игі шара қазір еліміздің барлық аумағында өтіп жатыр. Нақты қорытындысы жылдың соңында белгілі болады.

Жазира Жылқышиева, ҚР МҚІСЖҚІҚ Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы:

- Бұл енді осымен аяқталмайды. Алдағы уақытта әлеуметтік салада, денсаулық, білім саласында бұл шараларды өткіземіз де, 9 желтоқсан халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні мұның қорытындысын жасап, белсенділерді анықтап, өздеріңізге жариялайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы