352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында аптап ыстықтан дала өрті өршіп тұр

  • 108
Ақтөбе облысында аптап ыстықтан дала өрті өршіп тұр

Жыл басынан бері өңірде осындай 121 оқиға тіркелген.

Соңғы екі тәулікте Шилісай және Белогорка ауылдарының маңын қызыл жалын шарпыған. 70 гектарға жуық жер өртеніп, от Түйетөбе аталатын саяси қуғын-сүргін құрбандарына қойылған ескерткіш маңына жеткен. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері ескерткішке залал келмегендігін жеткізді. Жалын дер кезінде ауыздықталды. Биыл Ақтөбе облысы бюджетінен 52 миллион теңге дала өртімен күресуге бөлінді. Бұл қаражат ерікті өрт сөндіруші жасақтарына арнайы құрал-саймандар алуға жұмсалады.

Айбат Жаңабергенов, қалалық ТЖБ бастығы:

- Өрт сөндіруге авариялық құтқару қызметінен және де басқарушы компаниялардан, ерікті өрт сөндіруші жасақтарынан, қосымша Алматы ауданының ерікті өрт сөндіруші жасақ құрамының адамдары шықты. Өрт алаңы уақытында, дер кезінде сөндіріліп, мемлекетке, Түйетөбеге ешқандай шығын келген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы