361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда пәтерлерді заңсыз жалға берушілер анықталды

  • 140

Атырау қаласында 600 пәтер иесі баспаналарын жасырын жалға беріп, салықтан жалтарып келген.

Жалданатын пәтер құны орналасуына қарай 20 мыңнан 300 мың теңгеге дейін барады. Яғни олардан түсетін миллиондаған қаржы көлеңкеде қалып қойған. Облыстық қоғамдық кеңес жүргізген 2 айлық сараптама барысында осындай заңсыздықтар анықталды. Ал осы бизнеспен Атырау және Құлсары қалаларында 240 заңды тұлға мен 700 жеке кәсіпкер заңды түрде айналысады. Алайда баспананы «сауын сиырға» айналдырғандар қатары ресми деректен әлдеқайда көп. Осыған орай облыстық қоғамдық кеңес құзырлы органдармен бірлесіп  түйткілді проблеманың шешімін табу үшін заңға толықтыру енгізуді ұсынып отыр.

Мұрат Өтешов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы:

- Салықтық классификаторда жеке пәтер жалдаушы деген ұғым не термин енгізілмеген. Осыған байланысты пәтер жалдаушылар Салық кодексіндегі осындай олқылықты пайдаланып заңсыздыққа жол берген. Әрбір жалдаушы патенттік түрде немесе деклорация түрінде, жылдық деклорациялық ақша төлеу бағытында жұмыс істеуі керек.

Хабар 24 телеарнасы