352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысы елорда әртістерін қарсы алады

  • 157
Түркістан облысы елорда әртістерін қарсы алады

Елордалық артистер Астананың 20 жылдық мерейтойына орай бүкіл елді аралап, өз өнерлерін барша қазақстандықтарға паш етуде.

Шілденің 28-і мен 30-ы аралығында Түркістан облысында Астана күндері өтеді.

Әдеттегідей, гастрольдік үш күнде жергілікті тұрғындар Тәуелсіздік сарайы ұйымдастырған «Ақ тілекпен, Астана!» көрмесін тамашалай алады. Экспозицияда Қазақстанның керемет 50 суретшісінің ерекше 100-ден аса еңбегі көпшілік назарына ұсынылады. Көрме сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Шымкентте Бейнелеу өнері музейінде өтеді.

Театр сүйер қауым Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының труппасын қойылымдарына өз бағасын береді. 28 шілдеде сағат 19:00-де, Шымкентте, облыстық орыс драма театрында Қанат Жүнісовтың «Сәкен-сұңқар» тарихи драмасы көрсетіледі. Қоюшы режиссері ҚР еңбк сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков, қоюшы-суретші Берік Бөрібаев. Аталған қойылым ұлы ақын, жазушы, дарынды драматург, педагог Сәкен Сейфуллиннің жарқын, әділдік үшін күреске толы өмірі жайлы айтылады. Ол өз халқының қорғаушысы, бостандық пен әділдік, барша қазақ халқының жарқын болашағы үшін күрескер. Бірақ тағдыр қатыгез, ол өмірден жастай кетті.  Сахнада Сәкеннің рөлін театр мен киноның танымал актері Сырым Қашқабаев, ал актриса Алтынай Нөгербек қазақ жазушысының жұбайы Гульбахрамның рөлін сомдайды. Бұдан басқа, спектакльде Болат Ыбыраев Ахмет Байтұрсыновты ойнайды. 

Келесі күні осы уақытта елордалық актерлер Серік Тұрғынбекұлының «Шәмші» атты элегиясын көрсетеді. Спектакльдің қоюшы-режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов, қоюшы-суретшісі– ҚР мәдениет қайраткері Қанат Мақсұтов, басхормейстер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Амантай Жұмашев.  300-ден аса шығарманың авторы Шәмші Қалдаяқов – қазақ халқының ұлы композиторы, өз ұрпақтарына бай музыкалық мұра қалдырған дара тұлға. Вальс королі не жайлы ойлады, нені армандады? Оны  не толғандырды? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауапты Қаллеки театрының артистері жауап береді. Ұлы композитордың рөлін Нұркен Өтеуілов сомдайды. Айта кетерлік жайт, қойылым барысында барлық композицияларды актерлер өздері орындайды.

Мұнымен қоса, Оңтүстік-цирк күмбезінің астында үш күн бойы Астаналық цирк артистері өнер көрсетеді. Қойылымдардың басталуы сағат 18:00-де. Көрермендер сигвейдегі эквилибристерді, үйретілген иттерді, жолбарыстарды, көгершіндерді, күлкілі сайқымазақтарды және тб. Номерлер тамашалайды. «Сүйіспеншілікпен, Астана!» атты керемет цирк бағдарламасында түрлі сиқырлықты да көруге болады.

28 шілдеде сағат 19:00-де Шымкентте «Түркістан» концерт залында артисттер елордалық делегация болып қайтқан барлық қалаларда өткен «Астанадан ақ тілек» атты гала-концерт қояды. Сахна төрінде «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы, «Шалқыма» халық биі ансамблі, эстрадалық би ансамблі, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистері өнер көрсетеді.  Бұдан басқа, Клара Төленбаева, Маржан Арапбаева, Алтынай Жорабаева, Асқар Жайлаубаев, Бауыржан Исаев, Дос және Алмас Кішкенбаев сынды отандық эстрада жұлдыздары да ән шырқайды.  

Айта кетейік, көрермендерді барынша қамту мақсатында «Астанадан ақ тілек» гала-концерті 30 шілдеде сағат 18.00-де Түркістан қаласында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің концерт залында да көрсетіледі.

29 шілдеде сағат 19:00-де Шымкент қаласының тұрғындары тағы да бір музыкалық шараны тамашалай алады. «Түркістан» концерт залында «Елордадан елге сәлем! Алпамыс» концертті өтеді. Кеш барысында Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі, «Шалқыма» халық биі ансамблі, эстрадалық би ансамблі, сондай-ақ классикалық, эстрадалық және халық вокалының солисттері өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, 29 шілдеде Шымкентте Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионның шаршы алаңында Астана мен Түркістан облыстарының құрама командалары арасында кикбоксингтен матчтық кездесу өтеді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері естелік грамоталармен және медальдармен марапатталады, деп жазады аstana.gov.kz. 

Хабар 24 телеарнасы