369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетаудағы көрме-жәрмеңкеге 100-ден астам тауар өндіруші өнімдерін әкелген

  • 174
Көкшетаудағы көрме-жәрмеңкеге 100-ден астам тауар өндіруші өнімдерін әкелген

Көкшетауда «Ақмола өнімдері» атты ауқымды көрме-жәрмеңке өтіп жатыр.

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының аясында ұйымдастырылған шараға аймақтың 100-ден астам тауар өндірушісі өз өнімдерін әкелген. Бұл жерден ет пен сүттен бастап, ұн өнімдерін, қолөнер бұйымдары мен басқа да түрлі тауарларды көруге болады. Ал жергілікті халыққа бұл өнімдердің барлығы төмен бағада сатылып жатыр. Көрме барысында лотерея да ойнатылды. Аймақтық іріктеу байқауынан өткен 9 кәсіпорын республикалық «Қазақстанның үздік тауары» конкурсына қатысады. Ал оларды арнайы бекітілген талаптар бойынша қазылар алқасы анықтайды.

Айта кетейік, Көкшетаудағы жәрмеңке кешке дейін жалғасады.

Тимур Нахыпбеков, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Біз осы жылы «Ақмола өнімдері» деген біздің облыстық брендімізді жандандырып, өзіміздің тауарлық брендімізді шығарып жатырмыз. Яғни, бүгінгі біздің іс-шараның қорытындысымен «Ақмола өнімдері» деген арнайы каталог шығарамыз. Біздің облысымыздың 500-ге жуық тауар өндірушісінің тізімі енетін арнайы каталог шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы