361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Актер Асылболат Смағұлов туған жерінде жеке суреттер көрмесін ашты

  • 142
Актер Асылболат Смағұлов туған жерінде жеке суреттер көрмесін ашты

Қазақ киносының майталманы, актер Асылболат Смағұлов туған жері Солтүстік Қазақстан облысында тұңғыш жеке суреттер көрмесін ашты.

Көрермен назарына өнер иесі 40 шақты картинасын ұсынып отыр. Қылқалам шебері көздің жауын алатын туындыларында Қазақстанның сұлу табиғатын бейнелейді. Сондай-ақ тарихи тұлғалардың портреттерін сомдаған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен мәдени шараға актердің жерлестері, туған-туысқандары мен дос-жарандары жиналды. Махамбет, Балуан Шолақ, Бекежан рөлдерін сомдап, қалың көрерменнің жүрегіне жол тапқан сахна саңлағы қолы қалт ете қалса, сурет салумен айналысады екен. Енді ол мүсін жасауды да қолға алмақ.

Асылболат Смағұлов, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

– Мен бала кезімнен сурет салғанды жақсы көремін. Қолымнан қарындаш түспейтін. Консерваторияда оқып жүргенімде, суретшілер менің суреттерімді көріп, баға беретін.

Хабар 24 телеарнасы