352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бурабайда жас геологтар олимпиадасы басталды

  • 200
Бурабайда жас геологтар олимпиадасы басталды

Осымен бесінші рет жалауын көтерген халықаралық білім додасына 300-ге жуық оқушы қатысады.

Онда еліміздің әр өңірінен 15 команда бар. Сондай-ақ Ресей, Татарстан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 5 команда келді. Қатысушылар полеонтология, минерология, гидрология бойынша өзара мықтыны анықтайды. Олимпиада тест жəне практикалық сайыстан тұрады. Шара 3 тамызға дейін жалғасады. Айта кетейік, олимпиада 2010 жылдан бастап екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Бұған дейін еліміздің əр өңірлерінде ұйымдастырылған шара ендігі жолы Ресейде жалауын көтермек. 

Алтынай Қашқынбаева, «Жас геолог» корпоративтік қорының менеджері:

– Геологтар Қазақстандағы мамандықтар ішінде ең маңызды орын алады. Сондықтан біз жас ұрпақты осы мамандыққа шақырып, болашақтағы мамандарды дайындауға үлесімізді қосып жатырмыз. Олимпиада жарыс түрінде ғана өтпейді. Балалардың арасында достық қарым-қатынасты дамыту мақсатында осы «Балдәуренде» өткізу жақсы идея болды.

Эдуард Вютерих, «34 карата» командасының капитаны:

– Болашақта геолог болғым келеді. Маған ұнайды. Сондықтан біз осы жердеміз. Дайындықты қазірден бастап кеттік десек те болады. Олимпиада білімімізді шыңдап қана қоймайды. Бір-бірімізбен пікір алмасып, дос табуға сеп болып отыр. Әр жылда түрлі командалар келеді. Білгенімізді бөлісеміз. Біздің команда осымен екінші рет қатысып жатыр. Биыл жүлделі орыннан көрінеміз деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы