352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында 8 инвестициялық жоба іске асырылуда

  • 385
Жамбыл облысында 8 инвестициялық жоба іске асырылуда

Жамбыл облысында Орталық Азия мен Таяу Шығыста теңдесі жоқ бірегей зауыт салынып жатыр.

Жылына 25 млн дозалық дәрілік препаратты шығаратын биокомбинат жыл соңына дейін ашылады деп жоспарлануда. Бұл ауқымды жобаның құны 2 миллиард теңгені құрайды. Бұдан өзге биыл Жамбыл облысында Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша жалпы құны 16 млрд теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың қатарында шойын балқыту, арматура шығару, кондитерлік өнім өндіретін фабрикалар да бар. 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында өңірде 42 инвестициялық жоба, 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Бақытжан Әбжанов, облыстық ИИД басқармасының бөлім басшысы: 

- Жоспар бойынша Тараз қаласында 4 жоба жылдың соңына дейін уақтылы іске асатын болса, 500-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтіп отырмыз және қалған жобалар Қордай, Меркі, Мойынқұм, Байзақ аудандарында іске асырылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы