352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында мектептерді жөндеуге 6 млрд теңге бөлінген

  • 126

Қарағанды облысында мектептер мен балабақшалардағы жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталады.

Биыл оқу ордаларын ретке келтіру үшін рекодттық 6 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда үш есе артық. Аталған қаражатқа өңірдегі 70 балабақша мен 134 мектеп жөндеуден өткізіледі. 50 білім үйінің есік-терезелері мен шатыры ауыстырылып, жаңа техникалармен жабдықталады. Сонымен қатар арнайы коммиссияның тексерісінен кейін жарық, жылу жүйелері жаңғыртылмақ. Жөндеуді қажет ететін оқу орындары, көбінесе ауылдық жерлерде орналасқан. Биыл апатты мектептердің мəселесі толығымен шешіледі. Үш ауылда ескі мектептің орнына жаңа оқу ордасы салынады деп күтілуде.

Бақтыгүл Әдекенова, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Биыл біз жөндеуді қажет ететін білім мекемелерінің 50 пайызын жөндеуден өткіземіз. Әрине, көптеген білім нысандарының тозығы жеткен, дегенмен біз жыл сайын оларды қалпына келтіру жұмыстарын жоспарлап, оны жүзеге асырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы