359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да 1175 жас «Жасыл ел» жасағында жұмыс істейді

  • 141
БҚО-да 1175 жас «Жасыл ел» жасағында жұмыс істейді

Батыс Қазақстан облысында жаздың алғашқы күнінен бастап 1175 жас «Жасыл ел» жасағының қатарында еңбек етеді.

Олардың жартысы үш өзен мен қос құрлықтың тоғысында орналасқан Орал қаласының көркеюіне күш салып келеді. Гүл егумен қатар оларды күтіп-баптау, жасыл желекті сәндеп қырқуды да жастар тез меңгеріпті. Биыл облыс орталығын көгалдандыруға 175 миллион теңге бөлінген. 26 мың шаршы метр аумақта 20-дан аса гүл түрі отырғызылды. Арнайы тәлімбақта қала көшелеріне қажетті өсімдіктердің тұқымы егіледі. Қазір олардың сан түрі саябақтар мен көше бойында жайқалып тұр.

Гүлсұлу Бәшенова, «Жасыл ел» жасағының қызметкері:

- Осы қаладағы көрікті ғимараттардың алдындағы гүлдерді отырғызамыз. Және соған қоса біз үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, қазіргі таңда көптеген жастарымыз табиғатты аялауды, осы гүлдерді отырғызып, қалай жұмыс істеу керектігін білмейді.

Ақболат Қатешов, «Жайық таза қала» кәсіпорынының баспасөз хатшысы:

- Осы жұмысқа «Жасыл ел» жастары сүбелі үлес қосуда. Және биыл 16-20 жас аралығындағы жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында маусым-шілде-тамыз айларында Орал қаласындағы түрлі оқу орындарындағы 500 жас осы жұмысқа тартылуда.

Хабар 24 телеарнасы