359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ш.Құдайбердіұлының өміріне қатысты жаңа дерек табылды

  • 148

Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының өміріне қатысты жаңа дерек белгілі болды.

Абай кітапханасының қызметкерлері тапқан 1914 жылғы «Ауыл шаруашылығына шолу» статистикалық мағлұматтарында ақынның дәулеті жайында жазылған. Оның қыстауында 16 адам тұрған және тұрмыс мұқтаждығын тартпағаны айтылады. Сондай-ақ кітапта мал саны туралы да мәлімет келтіріледі. Атап айтсақ, Шәкәрімнің қойының өзі 400 шамасында болған. Сирек мағлұмат қазақтың философ ақынының 160 жылдығы қарсаңында көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Медет Божан, Абай кітапханасының бөлім маманы:

– Бұл ктіаптың ешқандай көшірмесі жоқ. Жалғыз дана. Қазіргі таңда көшірмесін мүмкіндік болса, жасау жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы