359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясының алғашқы сапары аяқталды

  • 219
«Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясының алғашқы сапары аяқталды

Астананың жиырма жылдығына арналған «Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясының алғашқы сапары аяқталды.

Шетелдік блогерлер мен отандық туризм өкілдерінен құралған топ екі аптада Тянь-Шань тауларының мың шақырымын жүріп өтті. Құрамында 25 адамы бар экспедиция Баянқол аңғарына барып, Хан Тәңірі шыңына шықты. Екі аптада Алматы облысындағы ең әсем жерлермен танысты. Бүгін Алматыға келген саяхатшылар алған әсерімен бөлісті. Айта кетейік, «Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы еліміздің 20 табиғи аймағын алты бағыт бойынша аралайды. Алда Алтай, Жоңғар Алатауы, Сарыарқа, Батыс өңірі мен Түркістан облыстары бар.

Қайрат Сәдуақасов, «Қазақ туризм» ҰК басқарма төрағасының орынбасары:

– Экспедицияның басты мақсаты – тұрғындарға еліміздің туризм саласындағы әсем жерлерін көрсету. Біз алдағы екі-үш айда Қазақстанның барлық аймақтарын аралап шығамыз. Өйткені елге танымал жерлермен қатар әсемдігі айтылмай жүрген жерлер де бар. Бұл экспедицияның басты мақсаты – танымал емес жерлерді көрсету.

Фатима Ахмади, блогер /Кувейт/:

– Мен бірінші кезекте қазақ туризмінің керемет екенін айта кеткім келеді. Әсем таулары, көркі көз тартатын көлдері бар. Мұндай табиғат қызметі кеңседе өтетін адамдар үшін естен кетпес әсер сыйлайды. Қазақстанда көрікті жерлердің көп екеніне көзім жетті.

Хабар 24 телеарнасы