359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде кірпіш тапшылығы құрылысқа кедергі болып отыр

  • 113
Ақтөбеде кірпіш тапшылығы құрылысқа кедергі болып отыр

Ақтөбеде кірпіш тапшы. Құрылыс науқаны қызып тұрғанда өңірдегі зауыттар қажетті көлемде тауар өндіруге қауқарсыз болып отыр.

Тағы бір кірпіш зауыты ағымдағы жылдың күз айларында іске қосылуы тиіс. Ол айына 10 миллион дана кірпіш жасайтын болады. Сонда ғана қарқынды жүріп жатқан құрылыс алаңдары қажетті өніммен толығымен қамтылады. Ал әзірге мамандар кейбір нысандарды құрамалы бетон қабырғалар мен экоблоктардан тұрғызуға көшкен.

Айта кету керек, Ақтөбе облысы құрылыс қарқыны бойынша елімізде алда келе жатқан өңірдің бірі. Биыл 800 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілуі тиіс.

Нұрлан Тұрымов, қалалық құрылыс бөлімі жетекшісінің орынбасары:

- Ақтөбе құрылыс бөлімі мен зауыттың әрқайсысымен жеке кесте жасап, қай фирмаға қанша кірпіш беру керек екенін өзіміз кестемен бөліп отырмыз. Ресей Федерациясынан алып жатқандар бар. Семей зауыты бар. Коммерциялық нысандар бар, сол жерден алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы