356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы ауылдардың 97 пайызы таза сумен қамтылады

  • 120

Шығыс Қазақстан облысында алдағы 3 жыл ішінде алыстағы ауыл-аймақтың 97 пайызы ауыз сумен қамтылады.

Сала басшыларының мәлімдеуінше, бұл мақсатқа 103 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Мәселен, қазір Көкпекті ауданының 4 бірдей ауылында қызу жұмыс жүріп жатыр. Ақбұлақ бағдарламасы шеңберінде екі ауылдың су құбыры жөнделуде. Ал Бастаушы және Теректі ауылдарында су құбыры желісінің құрылысы басталды. 200-ге жуық отбасыдан құралған теректіліктер талай жылдан бері ащы су ішіп, тіршілік нәрінің тапшылығын тартып келген еді. Енді міне 40 метрлік тереңдіктен шыққан таза су 11 шақырымдық құбырмен үй-үйдің жанына дейін жеткізіледі. Көптен күткен бұл құрылысқа 300 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Қайрат Ахметқалиев, Теректі ауылының әкімі:

- Қазір магистральді жолдағы 7 шақырым бітті, 171 үйге су кіру керек соның 90 үйіне су кірді. Бұлар жоспардан озып келе жатыр, тамыз айының аяғына қарай бітіреміз деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы