361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында жараланған әскери қызметкер ауыр халде жатыр

  • 133

Қарағанды облысында жараланған сарбаздың жағдайы туралы ақпарат.

Қарағанды облысындағы әскери полигонда болған жарылыстан ауыр жарақат алған келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери әлі де облыстық медициналық орталықтың жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Науқас толықтай есін біледі.  

Қазір төтенше жағдайға қатысты оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ұлттық Ұланның «Орталық» өңірлік басқару өкілдері таратқан мәліметке сәйкес, белгісіз зат жарылған. Оқиға «Қарабас» оқу орталығы аумағында шаруашылық жұмыстары кезінде болды. Әскери қызметші жердегі затты байқап, оны алуға әрекет жасаған. Нәтижесінде оң қолының білезігін жұлып кеткен. 32 жастағы кіші сержант 5451 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша 11 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Хабар 24 телеарнасы