352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зерендіде кәсіпкерлер көп қабатты тұрғын үй құрылысын қолға алды

  • 148
Зерендіде кәсіпкерлер көп қабатты тұрғын үй құрылысын қолға алды

Ақмола облысының Зеренді ауданында жеке кәсіпкерлер көп қабатты тұрғын үй салуды қолға ала бастады.

Қазір аудан орталығында 21 пәтерлі үйдің құрылысына жер телімі бөлінді. Ал келесі жылы мемлекет есебінен тағы 2 көпқабатты үйдің және  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 248 жеке үйдің құрылысы басталАды. Одан бөлек, дәрігерлерге арнап көп пәтерлі үй тұрғызу жоспарланған. Осының барлығы ауданда тұрғын үй құрылысының қайта қарқын алуына сеп болады екен. Себебі соңғы жылдары ауданда баспана салу тоқтап қалған болатын. Ал жалпы қазір аудан орталығында 500 адам пәтер кезегінде тұр.

Қайрат Жақыпов, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары:

- Алдағы жылдары осы маңайдан 36 пәтерлі түрғын үй салынады. Ол кезекте тұрған аз қамтылған отбасыларға беріледі. Халықтың қалауын байқап отырсақ, тұрғындар бар жағдайы жасалған көпқабатты үйлерде тұрғысы келеді екен. Осыны ескере отырып, баспаналар құрылысын барынша жандандыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы