352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында тау шатқалы өртеніп жатыр

  • 160
Жамбыл облысында тау шатқалы өртеніп жатыр

Жамбыл облысында екі тәуліктен бері құтқарушылар отпен күресіп жатыр. Тілсіз жау Қырғызстанның таулы аймағынан басталып, Жамбыл

ауданына қарасты «Ұзын бұлақ» шатқалына жеткен. Бұл маңда долана, итмұрын сияқты жеміс-жидек өседі. 500 гектарға жуық аумақты шарпыған қызыл жалын бұта біткенді күлге айналдырды. Оттың өршуіне желдің күшеюі де себеп. Өртпен күресуге 244 адам мен 32 техника жұмылдырылып, әуеден ұшақ арқылы бақылауға алынған.

Ерболат Таматаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторы:

- Бұл таулы аймақ болғаннан кейін, ол жерге техника бара алмайды, адам жаяу жүреді, қиын болғандықтан, бұл екі күнге созылып кетті. Қазіргі таңда екі жерде өрт болып жатыр, соны өшіруге барлық жағдай жасалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы