359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жайық өзенінің экологиясын қорғауға арналған еларалық комиссия құрылды

  • 151

Ортақ өзеннің тазалығы мен екі ел арасындағы ынтамақтастықты нығайтуға арналған шараны насихаттауда арнайы экспедиция жүйелі жұмыс істеп келеді.

Қазақстан-Ресей халықаралық тарихи-мәдени, экологиялық және спорттық экспедициясы Атырау өңірін аралады. Экспедицияға Ресейдің Орынбор губерниясынан және көршілес Батыс Қазақстан облысының табиғат жанашырлары атсалысып жатыр. 

Биылғы экспедиция Елбасы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен ұштастырылып отыр. Себебі Ресей мен Қазақстанға ортақ өзен бойындағы халықтар ерте заманнан рухани бауырлас, тату көршілер. «Демек Жайық экологиясы да екі елге ортақ болуы тиіс дейді», – ресейлік әріптестер.

Людмила Марченко, экспедиция мүшесі /Орынбор/:

- Сіздер қолға алған қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған бағдарлама – өте тиімді бастама. Ол әр адамнан қоршаған ортаны қорғауда жауапкершілікті талап етеді. Тек экология ғана емес, Жайық өзені бойындағы халықтардың салт-дәстүрін, тарихи құндылықтарын насихаттауда үлкен рөл атқарады деп ойлаймын.

Биыл 22-рет сапарға шыққан экспедицияның мақсаты – Жайық өзенінің түйткілді мәселелеріне мемлекеттік органдардың, жалпы қоғам назарын аударту. Жайық жанашырларының қол жеткізген жетістіктері де аз емес.

Жасұлан Бисембиев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Бұл экспедицияның бірден-бір нәтижесі – жуырда қабылданған мемлекеттар арасындағы келісім. Осы Жайықты сақтау мәселелеріне қатысты. Осы экспедицияның аясында облыстың тарихи орындарымен танысу, тарихи мәдени құндылықтармен танысу.

Еларалық комиссия құрамына Қазақстан мен Ресейдің 6 облысының өкілдері кірген. Олар ортақ өзенге қатысты мәселелерді сараптап, құзырлы органдарға ұсынатын болады. Ал осы жолғы сапар барысында халықаралық экспедиция Атырау облысындағы «Қасиетті Қазақстанға» енген тарихи орындарды да аралады.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы