352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алакөлде демалушылар саны 600 мыңға жетуі мүмкін

  • 138

Биыл Алакөлге келушілер қатары күрт көбейген.

Көл жағалауында күн сайын 18 мыңдай адам демалады. Шығысқазақстандықтар мұнымен де шектелмек емес. Жергілікті билік биыл туристер саны 600 мыңға жетіп жығылады деп отыр.

Алакөл бүгінде адам танымастай өзгерген. Соңғы жылдары демалыс аймағында ауқымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Көркейту шаралары биыл да жалғасты, нәтижесінде жағалау 400 метрге ұлғайды. Қосымша орындар пайда болып, көл басы көркейе түсті.

Елқоныс Кірісұлы, турист:

- Бесінші жыл қатарынан қатарынан келіп отырмын. Алакөлдің суы шипалы. Сапасы да артып келеді, қызмет көрсету, жатар орындары, тамағы, жол жүру, барлығына көңіл бөлінуде. Көңілден шығуда.

Демалыс орнын абаттандыру жұмыстары – облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей назарында. Аймақ басшысы Алакөлге биыл бірнеше рет келді. Қазір мұнда туристерге қолайлы болуы үшін барлық жағдай жасалған. Жағалауда 150-ден астам демалыс орны, 30-ға тарта дәмхана қызмет көрсетеді.

Дидар Хамитов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:

- Соңғы үш жылдың ішінде 5 млрд-қа жуық қаражат бөліп, өте ауқымды жұмыстар істеліп жатыр, соның ішінде бір шақырымға созылған Арбат бар. Жағалау абаттанып жатыр. 993 дана кіші архитектуралық формақойылуда. 

Бүгінде Алакөлге пойызбен де жетуге болады. Облыс әкімінің тапсырмасымен салынған теміржол Өскемен – Семей – Жалаңашкөл арасын жалғап, туристер санының еселеп артуына ықпал етіп отыр.  

Авторлары: Абылай Мауданов, Руслан Шақабаев, Бауыржан Даирбеков

Хабар 24 телеарнасы