352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жол апаты: Өскемен қаласының әкімі айыппұл төлемейтін болды

  • 136
Жол апаты: Өскемен қаласының әкімі айыппұл төлемейтін болды Stan.kz

Бұл туралы облыстық соттың өкілдері мәлімдеді.

Осыдан бірнеше күн Қуат Тұмабаевқа Риддер қаласында болған апат кезінде өзгенің көлігін сақтандыру полисінсіз жүргізгені үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған болатын. Алайда қала басшысы мұны орынсыз деп сотқа шағымданған. Бұл шенеуніктің көптен бері қоғам назарында жүргені белгілі.

Естеріңізге сала кетсек, биыл 15 сәуірде Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев 19 жастағы азаматты көлігімен қағып, мерт қылған еді. Өткен айдың соңында сот оны 1 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сол жол апатында Құрманбаевтың қасында Қуат Тұмабаев та болған.

Назгүл Рахметуллина, облыстық сот судьясы:

- Қазіргі кезде сот қаулысымен Тұмабаевты әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі шешім бұзылған. Бұл заңсыз деп танылып бұзылған Оған қатысты іс өндірісі қысқартылған.

Хабар 24 телеарнасы