352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО шаруалары суарудың жаңа әдісіне көшуді бастады

  • 269

Шығыс Қазақстан облысының жер еміп отырған шаруалары жаңбырлатып суару әдісіне ден қоя бастады.

Мәселен, Көкпекті ауданында өткен жылы екі бірдей ірі шаруа қожалығы дәл осындай құрылғы сатып алып, биыл шалғынды алқаптарын сонымен суаруды бастап кетті. Өйткені диқандардың айтуынша, жердің ылғалдылығы төмен. Сол себепті қолдан ылғал беруге көшкен абзал дейді олар. Аудандағы «Теректі» шаруа қожалығы өз қарамағындағы канал суын үнемдеу мақсатында 130 гектар жоҢышқалы жерге жаңбырлап суару машинасын қолданады. Құрылғы бір айналғанда 15 гектардан астам аумақты қамтиды. Былтыр гектарына 20 центнер шөп жиналса, биылғы көрсеткіш бұдан екі есе артық. Болашақта  60 центнер алу мақсаты тұр. Қожалық мүшелері «25 миллион теңге тұратын қондырғы көп ұзамай, өз құнын ақтайды» деген сенімде.

Әділет Әлкенов, оператор:

- Бір апта бұрын жоңышқа жиналды енді мынау екінші суғарым кетіп жатыр бізде қазір, осы суғарымнан соң одан да жақсы алармыз деген үміт бар. Бәрі автоматты бір кнопканы басасыз, бәрі тоқпен өзі іске аса береді.

Хабар 24 телеарнасы