363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау көшелеріне қуат үнемдегіш шамдар қойылады

  • 116

Ақтау көшелеріндегі қарапайым шамдар энергия үнемдегіш лампалармен алмастырылады.

Былтыр пилоттық режимде бірнеше шамдар ауыстырылған болатын. Ал биыл 2 ай ішінде барлық 7 мың шамды ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл жүйе толығымен автоматтандырылады. Яғни тәулік уақытына қарай жарықты реттеуге болады. Мамандардың айтуынша, бұл энергия қоры мен коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығынды 60 %-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Болашақта мұндай ақылды лампаны облыста жаппай орнату жоспарда бар.

Шолпан Елмұханбетова, облыс әкімінің орынбасары: 

- Біріншіден, бұл жасыл экономика жобасы, екінші жағынан цифрландыру, ал үшіншіден, инвестициялар. Өйткені бұл жобаны жүзеге асыруда Қытай, Ресей мен отандық компания инвесторлары тартылды.

Хабар 24 телеарнасы