352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда кідіріп қалған жолаушылар Анталияға бүгін ұшады

  • 152
Ақтауда кідіріп қалған жолаушылар Анталияға бүгін ұшады

Ұшақтың бұзылуы салдарынан Ақтау әуежайында кідіріп қалған жолаушылар Анталияға кешкі сағат 23:00-де ұшып шығады.

Бұл туралы рейске жауапты компания директоры Талғат Жолдыбаев осы аймақтағы тілшімізге телефон арқылы хабарлады. «Sunkar Air» басшысының айтуынша, бүгін әуе көлігінің қосалқы бөлшегі ұшақ жөндеуші мамандарға жеткізіледі. Ал сапарына кешіккен  жолаушылар үшін қосымша борт бөлінеді.

Талғат Жолдыбаев, «Sunkar Air» компаниясының директоры:

- Жолаушылар кеше сағат таңғы 7-де ұшуы тиіс еді. Ұшақтың бұзылуы салдарынан оларды әуежайда тамақтандырып, үйлеріне жеткізіп салдық. Бүгін кешкісін қайта осында әкелеміз. Демалыс уақыты қысқармайды. Яғни олар Анталияда қосымша бір күн аялдап, Қазақстанға оралады.

Хабар 24 телеарнасы