361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Светлана Жақыпова: Мүлкін сатқандар зейнетақы жарнасын төлемейді

  • 126

«Көлік пен мүлік сатудан зейнетақы жарнасы ұсталмайды».

Бүгін Еңбек және халықты қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова осылай деп мәлімдеді. Өйткені осы мәселеге қатысты әлеуметтік желілерде түсінбестікпен жазылған ақпараттар пайда болған. Соның салдарынан қоғамда мүлкін сатқандар түскен пайданың 10 пайызын зейнетақы қорына аударады деген қауесет тарады. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Заңға енгізілген өзгеріс тек азаматтық-құқықтық келісімшарт арқылы жұмыс істейтіндерге қатысты», – дейді мамандар. Осы құжат жүзінде қызмет көрсететіндер ғана пайданың 10 пайызын зейнетақы қорына аударуы қажет. Олай болмаған жағдайда айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

- Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 44 және 91-баптары бойынша, егер жеке тұлға 10 пайызды толық төлемесе, айыппұл төлейді. Мысалы, 2800 теңге төлеу керек болса, 10 пайыз құрайды. 10 мың төлеу керек болса, 1 мың теңге төлейді. Машина сатқаннан, үй сатқаннан зейнет жарналары төленбейді.

Хабар 24 телеарнасы