356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысына қарасты Азғыр аймағына табиғи газ құбыры тартылуда

  • 88
Атырау облысына қарасты Азғыр аймағына табиғи газ құбыры тартылуда

Атырау облысында шекаралық аймақты газдандыру мәселесі жүйелі жолға түсті.

Өткен жылы Құрманғазы ауданына қарасты Азғыр өңіріндегі елді мекендерді табиғи газ желісіне қосу мақсатында бағасы 9 миллиард 800 миллион теңге тұратын жоба қолға алынған еді. Ұзындығы 365 шақырымды құрайтын құбыр құрылысының қазір 50 пайыздан астамы аяқталды. Азғыр өңіріндегі 10 елді мекенде 7 мыңнан астам тұрғын бар. Жергілікті билік негізгі магистральды құбырынан өзге әрбір ауылға көгілдір отынды жеткізу мақсатында қосымша қаржы көзін қарастырып отыр.

Асан Нұрғалиев, облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары:

– Ішкі құбырлар жүйесіне қосымша 160 млн теңге қаражат қаралған. Бұл жұмыстарды қаңтар айында аяқтау жоспарланған. Жоба аяқталғанда, облыс толықтай газбен қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы