359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының қысқа дайындық жұмыстарына 6 млрд теңге бөлінді

  • 110
Алматы облысының қысқа дайындық жұмыстарына 6 млрд теңге бөлінді

Алматы облысының алдағы қысқа дайындық жұмыстарына жергілікті және республикалық бюджеттен 6 миллиард теңге бөлінді.

Оның 410 миллионы бюджеттік ұйымдардың жылу жүйелерін жөндеу мен қажетті құрылғылар сатып алуға жұмсалады. Қаражаттың басым бөлігі қатты және сұйық отынға, жылу жүйелері мен қазандықтарды жөндеуге кетеді. Облыс орталығындағы жылу желілерінің ұзындығы – 175 шақырым. Оның 7-8 шақырымы жыл сайын жаңартылып отырады. Өткен жылы күзде Талдықорғанға табиғи газ тартыла бастаған. Оның алғашқы абоненттері 15 мыңға жетті. Қазір аймақта әзірлік қызу жүріп жатыр. Облыс бойынша 34 қазандық, 1 мың 815 тұрғын үй, 2 мың 300-ден астам бюджеттік нысан жылу беру маусымына сақадай сай болуы керек.

Әсет Қанағатов, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

– Оның ішінде 1070-і білім саласындағы нысандар, 664-і денсаулық сақтау нысандары. Жиырмасыншы қыркүйекте барлық жұмыс толығымен бітеді деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы