352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО ауылында бруцеллезге шалдыққан мал иелеріне өтемақы төленді

  • 109

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Архангельское ауылындағы бруцеллез ауруына шалдыққан мал иелеріне өтемақы берілді.

Осы мақсатқа аудандық бюджеттен 3 миллион 600 мың теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Жыл басынан бері бұл елді мекенде кесел жұқтырған 21 ірі қара сойылды. Ал қауіпті індет осы ауылдағы шаруа қожалығынан тараған. Қазір мұнда шектеу шаралары жарияланып, ет пен сүттің саудасына тыйым салынды. Ауылда арнайы республикалық отряд жұмыс істеп жатыр.

Айта кету керек, тексеріске дейін малдарын сатып жіберген бес ауыл тұрғынына әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Сырғабек Байжанов, Қызылжар аудандық ветеринария бөлімінің басшысы:

- Орта есеппен алғанда 30 пайыз көлемінде әр малдың салмағына байланысты өтемақы төленді. Қазіргі жағдай эпизоотиологиялық отряд жұмыс істеп жатыр. 20 күн сайын тексеріп отырамыз. 801 бастан қан алғанбыз. Зертханаға тапсырылды. Зертханадан анықтама алған жоқпыз. Анықтама алғаннан кейін бұл жұмыс тағы да жалғастырылады.

Хабар 24 телеарнасы