352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«National Geograpic Qazaqstan» журналының қызметкерлері СҚО-ға барды

  • 147

Солтүстік Қазақстан облысына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «National Geograpic Qazaqstan» журналының қызметкерлері барды.

Өлкетанушылар, журналист және суретшілерден құралған экспедиция мүшелері алдағы екі апта бойы астықты аймақтың кереметтерімен танысатын болады. Саяхат барысында олар Айыртау ауданында орналасқан  Шалқар, Имантау көлдеріне барып, ішкі туризм саласымен танысуды жоспарлап отыр. Мұнымен қоса Петропавл қаласымен Есіл және Тайынша аудандарындағы тарихи орындарды да аралайды. Осылайша 20-дан астам мәдени орынды суретке түсіріп, журналдың бір басылымын солтүстікке арнамақ ниетте.

Альберто Де Мауро, экспедиция мүшесі /Италия/:

- Менің мұнда алғашқы рет келуім. Италия халқы Қазақстан десе көбіне Астана жайлы ғана біледі. Петропавл қаласының өзінде  керемет тарихи орындар  бар екен. Енді бірнеше апта осы өңірде болып, тұмса табиғаттарыңызды суретке түсіретін боламын.

Хабар 24 телеарнасы