352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайлық кәсіпкерлер туған ауылдарының дамуына үлес қосуда

  • 122
Қостанайлық кәсіпкерлер туған ауылдарының дамуына үлес қосуда

Қостанай облысында кәсіпкерлер ауылдың тұрмысын жеңілдетуге барынша үлес қосып келеді.

Соның арқасында Қарабалық ауданында әлеуметтік мәселелер де шешімін таба бастаған. Атап айтсақ, Ворошилов елді мекеніне ауызсу тартылды. Ұңғыма қазып, құбыр жүргізуге қажет 5 млн теңгені жергілікті шаруашылық мойнына алған. Осы арқылы 500-ден астам тұрғынның таза суға қолы жетті. Бұдан бөлек Қарабалықта бір мектептің спорт залы жөнделіп, Цифрлық технология кабинеті ашылды. Жағымды жаңалық мұнымен шектелмек емес. «Рухани жаңғыру» аясында аудан орталығында балаларға арналған ойын алаңы да салынды.

Азамат Жиенәлин, Қарабалық аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі:

- Бұл шағын аудан 16 көпқабатты үйді, 400-ден астам пәтерді біріктіреді. Ондағы балғындар саны 100-ден асады. Ойын алаңын жасақтауға үш млн теңге бағытталған. Жыл соңына дейін тағы бір осындай алаңды пайдалануға бермекпіз.

Хабар 24 телеарнасы