356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы №1 емханада алғаш рет жедел жәрдем бөлімшесі ашылды

  • 107
Ақтаудағы №1 емханада алғаш рет жедел жәрдем бөлімшесі ашылды

Осылайша орталық стансаға жүктелген міндет біршама жеңілдеді.

Мұнда келіп түскен телефон қоңырауы науқасқа көрсетілетін ем жеңіл деп табылса, бірден қалалық емханаға бағытталады. Одан әрі екі бірдей жүрдек көлікпен қамтылған дәрігерлер шақырту түскен мекенжайға шұғыл жетеді. 4 бригадаға бөлінген 16 маман тәулік бойы қызмет етеді. Мемлекеттік мекеме басшылығы енді арнайы мақсаттағы шағын автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

Сүлеймен Нұрдәулетов, №1 емхананың шұғыл медициналық қызмет жөніндегі үйлестірушісі:

- Науқасы бар адамдарға медициналық көмек көрсету үшін ұйымдастырылған. 4-деңгей деп айтады. Осы деңгей сырқаттары осы емханада есепте тұрады. Бір сағаттың ішінде қандай медициналық көмек қажет болатын болса, сол көрсетіледі. Қай жерде болсын халық жедел жәрдем, жоғары дәрежеде мецициналық көмек алуы керек.

Хабар 24 телеарнасы