361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында мал ұрлығы өршіп тұр

  • 140
Ақтөбе облысында мал ұрлығы өршіп тұр

Тек өткен аптаның өзінде 8 қылмыстық іс тіркелген.

Полицейлер оның 6-сының ізін суытпай ашқан. Ырғыз ауданында мал ұрлығымен айналысқан топ әшкере болды. Күдікті ретінде 4 азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүруде. Өңірде «Барымташы» жедел алдын алу шарасының алғашқы кезеңі аяқталған. Негізінен ұрылар төрт түлікті жайылымнан айдап кететін көрінеді. Ұшты-күйлі жоғалған мал иелері бірден арызданбай, қайтып келедіге салып текке уақыт жоғалтады. Нәтижесінде іздеу шаралары да қиынға түседі. Қазіргі таңда мал ұрлығының алдын алуға жол патрульдік полициясы да көмекке келген.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Мал тасымалы мен ет өнімін сатудың заңсыздығына тосқауыл болу үшін тәулік сайын қалаға келетін жүк автокөліктерінің құжаттары тексеріліп, ұдайы қадағаланады. Олар 33 автокөлікті тексеріп, талапқа сай құжатсыз мал тасымалдаған 5 деректі анықтады.

Хабар 24 телеарнасы