361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында 67 шаруашылық баламалы энергия көзін пайдаланып отыр

  • 374
Қызылорда облысында 67 шаруашылық баламалы энергия көзін пайдаланып отыр

Олардың дені бау-бақша егіп, мал басын көбейтумен айналысады.

Күн мен желден алынған қуат көзі негізінен ұңғымалардан су шығаруға және тұрмыстық қажеттіліктерге керек. Мәселен, Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында төрт түлікті тең өргізіп отырған Нышанбек Молдашев малшылар үйі мен жылжымалы қосындарын түгел күн панельдерімен жабдықтап қойған. Бұған дейін шопандар электр қуатын алу үшін тонналап жанар-жағармай тұтынып келген. Енді тоқ көзін тәулік бойы пайдаланады. Ең бастысы, жасыл экономика бағытын ұстанған шаруашылықтардың 80 пайызға дейінгі шығыны мемлекет тарапынан субсидияланып отыр. 

Нышанбек Молдашев, шаруа қожалықтың төрғасы:

- Бүгінгі таңда 10 жылжымайтын үйге қойдық, 5 жылжымалы шаруашылықтың вагондарына қойдық. Шопандар қалаған жеріне барып, құдыққа мотор салып пайдалана береді. Шаруашылықта заманына қарай қазір компьютер бар, телевизор бар, күнделікті жаңалықтар көру керек бала-шағамыз. Шаруашылықтағы балаларымыз келешегіміз ғой. Олар әлем жаңалықтарынан, ел жаңалықтарынан қалмау керек. Сондықтан барлығына қоюға бел буып, қойып шықтық.

Хабар 24 телеарнасы