352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысындағы оқу-сауықтыру орталығына келетін шетелдік балалардың саны артқан

  • 194
Түркістан облысындағы оқу-сауықтыру орталығына келетін шетелдік балалардың саны артқан

Түркістан облысындағы Төлеби ауданында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы бой көтереді.

Осыған орай облыстық білім басқармасына қарасты «Тау самалы» облыстық мамандандырылған оқу-сауықтыру орталығы мүлікті тапсыру ережесіне сәйкес «Балдәуреннің» меншігіне өтті. Енді бұл жаңа орталық Қазақстанның барлық аймағынан балаларды барынша қамти алады. Сондай-ақ бұл маңнан келер жылы «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығының басшылығы жаңа мектеп салуды жоспарлап отыр. Қазір «Балдәуренге» тек елімізден ғана емес, шетелден де келіп тынығатын балалар саны артқан. Жыл он екі ай бойына оқушыларға білім мен тәрбиені қатар беретін лагерьде қосымша жаңа жұмыс орындары да ашылмақ.

Мұхитдин Төлепбай, «Балдәурен» РМҚК РОСО бас директоры:

– «Тау самалы» орталығы енді республикалық бюджеттен республикалық деңгейге көшті. Біздің орталықта 98 мемлекеттің балалары демалып кетті. Дәл қазіргі кезде 8 мемлекеттің балалары демалып жатыр. «Тау самалы» орталығында үлкен іс-шаралар жасалады. Онда жұмыс істеп жатқан ұжымның 100 пайызы сонда қалып жұмыс істейді. Қосымша 70 адам жұмыспен қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы