352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада қола мүсінді қолды қылған ұрыға үкім шықты

  • 110

Елордада қола мүсіндерді ұрлап келген азамат ұсталды.

Ұлы Отан соғысы ескерткішінің қола бөлшектерін және ашаршылық құрбандарына арналған мемориал кешенінен қола бала мүсінін қолды қылған ер адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы бүгін астаналық фемида өкілдері хабарлады. Тергеу барысында анықталғандай, ұры бағалы мүсіндерді металл сынығын қабылдайтын орындарға тапсырған. Шығын көлемі 8 млн теңгеге бағаланып отыр. Қылмыскер жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Хабар 24 телеарнасы