369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысындағы табиғи өрт ауыздықталды

  • 126

Жамбыл облысында төрт күннен бері жалындаған өрт толығымен өшірілді.

Өрт 28 шілде күні Қырғызстанның таулы аймағынан басталып, Жамбыл ауданына қарасты «Ұзын бұлақ» және «Шошқалы» шатқалына жеткен болатын. Бұл маңда долана, итмұрын секілді пайдалы бұталар болған. 500 гектарға жуық аумақты шарпыған қызыл жалын олардың күлін көкке ұшырды. Өрттің өршуіне қураған шөптер мен жел де әсер еткен. Сондай-ақ техниканың таулы аймаққа жетуі де қиындық туғызыпты. Өртпен күресуге 244 адам мен 32 бірлік техника жұмылдырылды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Хабар 24 телеарнасы