352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана дүкендеріндегі тұшпара мен шұжықтан доңыз ДНҚ-сы табылды

  • 133
Астана дүкендеріндегі тұшпара мен шұжықтан доңыз ДНҚ-сы табылды

Астана қаласының қоғамдық денсаулықты қорғау департменті шілде айында азық-түлік қауіпсіздігіне жасаған мониторингтің қорытындысын шығары.

Санитарлық-эпидемиологиялық сарапатаманы жасау үшін 15 сауда нысанынан 421 өнімнің белгісі алынды, оның 285-і тағам өнімі.

Алынған өнімнің 40 белгісі немесе 9,5% Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сай болмай шықты. 32 өнімде тауардың маркасы (дайындалған/шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, тиісті бағалаудан өткенін растайтын ЕЭО белгісі мен мемлекеттік тілдегі ақпарат) көрсетілмеген.

Ал микробиологиялық көрсеткіштер бойынша, 7,5% немесе 3 өнім тексерілді. «Лидер 2010» ЖШС-нің (Қостанай облысы, Рудный қаласы) сүт өнімінде ішек таяқшасы, мезофильді аэробтық микроорганизмдер табылды.

«5 өнімді тескеру кезінде өндірушілер тұтынушыларды алдағаны белгілі болды. Атап айтқанда, «Бұқтырылған сиыр еті» («МПК Пашский» және  «АгроТорг Троицк» ААҚ – РФ),  «Сиыр етінен жасалған тұшпара» жартылай фабрикаты («Калинин М.С. – Петропавл), «Сосиски «Молодежные» («Александр и С», Астана қаласы) және «Сардельки говяжьи» («Жайык Агро LTD» ЖШС, Орал қаласы) өнімдерінен доңыз ДНҚ-сы табылды. Өндіруші өнімнің құрамында доңыз еті мен сояның барын көрсетпеген», - делінген хабарламада.

Мониторинг кезінде «Дося», «Жансая» және «Айзере» дүкендерінде мерзімі өтіп кеткен өнімдердің сатылғаны бар. Бұл дүкендер жарамдылық мерзімі өткеніне қарамастан балалар тағамдарын, шырындар мен диеталық тағамдарды сатып келген.

Осыған орай департамент тұтынушыларға азық-түлік өнімдерін сатып алу кезінде тауардың дайындалған күні мен құрамы туралы ақпаратты мұқият тексеру керектігін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы